Төремұрат - Құрманғазы Сағырбайұлы

4 months ago
2

Төремұрат - Құрманғазы Сағырбайұлы

Он екі ата Байұлының бірі Таз руынан шыққан атақты Төремұрат деген батыр өткен екен. Ол Құрманғазымен замандас, дәмдес, ынтымақты, аралас-құралас болса керек. Күйшінің анасы Алқа да Таз руының қызы, яғни Төремұраттың апасы болып келеді. Төремұрат батыр Данай есімді сұлуға ғашық болады. Сұлулығы жаннан артқан Данай басқаға атастырылып қой­ған болса керек. Төремұрат тәуе­келге барып, қызды алып қашуға бел байлайды. Серіктерін ертіп іргелес жатқан Маңғыстауға, Үстіртке қашқан олар жолда түркімендер жасағына тап болып, ұрыс баста­лып кетеді. Түркімендер мен Адай­лардың арасы суысып тұрған кез болса керек, сол жерде басталған ұрыста жасағы аз Төремұрат батыр қаза табады. Осы кезде ұрыс үстіне Адайдың батыр жігіттері жетіп үлгеріп, Данай мен Төремұрат батырдың серіктерін тұтқыннан құтқарады. Батырдың денесі ұрыс болған дөңде Үстірт­тегі Күйкен деген жерде жерлене­ді. Кейін Төре­мұрат батырдың бейітіне келіп, еске алған адайдың Сүйін­ғара атты батыры жас бейіт­тің жанындағы дөңнен үлкен күмбезді моланы көреді. Бұл кім­нің күмбезі деп сұраған Сүйін­ғараға бір атақты байдың жатқан орны деген жауап қайтарылады. Сонда Сүйінғара тұрып, бұл күм­без тірісінде елге қайыры тимеген байдың басында тұрған­ша, ел қорғаған батыр басында тұруға лайықты деп, оны бұздырып, Төремұраттың басын көтертеді. Тектілік пен тентектік астасып жатқан бұл тарих та күймен бірге жетті. “Төремұрат” күйіндегі сыл­қым қағыстарда ұрыс бейнесімен қатар, қазақ қызының шолпысы сыңғырлаған сұлу бейнесі бар. Бұл күйді кейде жергілікті халық “Қыз Данайдың қырғыны” деп те атайды.

Құрманғазы Сағырбайұлы шығармалар тізімі: https://youtube.com/playlist?list=PLaSOcbsg81rYhrBM6z..

#esenmediakz #қазақстан #қазақелі #күйорман #күйші #күй #домбыра #домбырадастан #құрманғазы #курмангазы

Loading comments...