Premium Only Content
Төремұрат - Құрманғазы Сағырбайұлы
Төремұрат - Құрманғазы Сағырбайұлы
Он екі ата Байұлының бірі Таз руынан шыққан атақты Төремұрат деген батыр өткен екен. Ол Құрманғазымен замандас, дәмдес, ынтымақты, аралас-құралас болса керек. Күйшінің анасы Алқа да Таз руының қызы, яғни Төремұраттың апасы болып келеді. Төремұрат батыр Данай есімді сұлуға ғашық болады. Сұлулығы жаннан артқан Данай басқаға атастырылып қойған болса керек. Төремұрат тәуекелге барып, қызды алып қашуға бел байлайды. Серіктерін ертіп іргелес жатқан Маңғыстауға, Үстіртке қашқан олар жолда түркімендер жасағына тап болып, ұрыс басталып кетеді. Түркімендер мен Адайлардың арасы суысып тұрған кез болса керек, сол жерде басталған ұрыста жасағы аз Төремұрат батыр қаза табады. Осы кезде ұрыс үстіне Адайдың батыр жігіттері жетіп үлгеріп, Данай мен Төремұрат батырдың серіктерін тұтқыннан құтқарады. Батырдың денесі ұрыс болған дөңде Үстірттегі Күйкен деген жерде жерленеді. Кейін Төремұрат батырдың бейітіне келіп, еске алған адайдың Сүйінғара атты батыры жас бейіттің жанындағы дөңнен үлкен күмбезді моланы көреді. Бұл кімнің күмбезі деп сұраған Сүйінғараға бір атақты байдың жатқан орны деген жауап қайтарылады. Сонда Сүйінғара тұрып, бұл күмбез тірісінде елге қайыры тимеген байдың басында тұрғанша, ел қорғаған батыр басында тұруға лайықты деп, оны бұздырып, Төремұраттың басын көтертеді. Тектілік пен тентектік астасып жатқан бұл тарих та күймен бірге жетті. “Төремұрат” күйіндегі сылқым қағыстарда ұрыс бейнесімен қатар, қазақ қызының шолпысы сыңғырлаған сұлу бейнесі бар. Бұл күйді кейде жергілікті халық “Қыз Данайдың қырғыны” деп те атайды.
Құрманғазы Сағырбайұлы шығармалар тізімі: https://youtube.com/playlist?list=PLaSOcbsg81rYhrBM6z..
#esenmediakz #қазақстан #қазақелі #күйорман #күйші #күй #домбыра #домбырадастан #құрманғазы #курмангазы
-
3:59:18
GamerGril
14 hours agoPAGING ALL ZOMBOIZ | DEAD ISLAND 2
111K15 -
42:24
MYLUNCHBREAK CHANNEL PAGE
22 hours agoA Century Gone
142K104 -
38:22
Stephen Gardner
15 hours ago🔥HOLD ON! The RUMORS about Kamala are TRUE...
184K505 -
1:22:44
Michael Franzese
1 day agoWill Trump’s Win Finally Convince Democrats to Stop The Woke Nonsense??
170K141 -
8:27:07
MDGgamin
18 hours ago🔴LIVE- Rumble Gaming To The MOON - Variety of Games & Chatting - #RumbleTakeover
149K5 -
27:24
Mr. Build It
5 days agoDECK DISASTER! How We Fixed a Botched Build
114K16 -
26:58
barstoolsports
19 hours agoZach Bryan Blocks All of Barstool | Stool Scenes
125K17 -
1:06:44
Talk Nerdy 2 Us
1 day ago🔥 Hackers vs. The World: From Amazon breaches to FBI-confirmed Chinese telecom spying
114K22 -
1:24:20
Vigilant News Network
1 day agoJoe Rogan Drops Shocking Election Claim | The Daily Dose
177K199 -
1:10:18
FamilyFriendlyGaming
1 day ago $19.46 earnedCat Quest III Episode 2
142K