Сарыарқа - Құрманғазы Сағырбайұлы

5 months ago
3

Сарыарқа - Құрманғазы Сағырбайұлы

Сарыарқа - Құрманғазының күйі, қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармалардың бірі. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей.

Әлі түс болған жоқ, бірақ даланың ыстық күні ауаны қыздырып, күйдіріп тұр. Тып-тыныш жолмен келе жатқан жай, бірқалыпты ат тұяғының дыбысы естіледі. Құлағын қайшылап келе жатқан ат, ер үстіндегі адамды тыңдап келе жатқан сияқты. Ер үстіндегі кісі анда-санда артына қарағаны болмаса, самарқау. Иықты, маңдайы кең, бет әлпеті ірі салт аттының үстінде ыстыққа қарамастан, түйе жүнінен жасалған қалың күпі, тері шалбар және малақай киген. Арқасына мылтық ілген, ал алдында қапқа салынған домбыра бар. Ол Сары-Арқа жаққа бағыт ұстаған, түске таман жасыл алаңқайға келіп жетті. Атынан түсіп, кең алақанымен оның маңдайынан сипап, шілдерлеп жайылуға жіберді. Қимылсыз ауыр ойға батқан жолаушы көкжиекке қарап ұзақ отырды, сонан соң, ұйқылы-ояу кейіппен домбыраны қолына алып, жайлап тарта бастады. Даланы домбыра үні кернеді.

Ұлы күйші Құрманғазының күйі “Сарыарқа” осылай туды. Патша үкіметінің қудалауынан соң, ол туған жерінде қала алмайтын болды, “Сары-Арқа” сол туған елмен қоштасу күйі. Бірақ мұнда, халық мінезі, өмірі, қадір-қасиеті, ол мекендеген дала бейнесі - барлығы қамтылған.

Құрманғазының күйі “Сары-Арқа” – халықтың, даланың өзі сияқты кең, өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы. Қазақ даласы байтақ. Оның көл-көсір төсінен кім өтпеген! – барлығына да орын жетті: арқасына қобызын ілген Қорқыт, қайғылы зарлы үнімен Асан- Қайғы, сараң Қарабай (“Қозы-Көрпеш және Баян Сұлу аңызындағы адам бақытынан гөрі мыңғырған малын артық санайтын бай-феодал”), Қобыланды батыр… Олардың барлығы осы Сары-Арқа даласынан өтті және халық аңызы мен өнерінде қалды. Қазір халқыңа беймәлім және панасыз Сен де халық жадында қаласың. Дала желі сенің әніңді ұрпақтарға жеткізеді». “Сары-Арқа” әуені осы мазмұндас. Кеш түсті. Атын шідерден босатып, домбырасын ерге байлаған жолаушы қайтадан жолға шықты. Енді ол артына қарайлаған жоқ. Тынығып, әл жинап алған, аты шабысын үдетті. Артта бұйра-бұйра шаң ғана қалды.

Құрманғазы Сағырбайұлы шығармалар тізімі: https://youtube.com/playlist?list=PLaSOcbsg81rYhrBM6zXzmC2G5yIi-petA&si=hWJUNf9r_0xRqB9y

#esenmediakz #қазақстан #қазақелі #күйорман #күйші #күй #домбыра #домбырадастан #құрманғазы

Loading comments...