Көкала ат - Құрманғазы Сағырбайұлы

10 months ago
1

Көкала ат - Құрманғазы Сағырбайұлы

«Көк ала ат» күйінің шығу тарихын 1965 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Орда ауылында тұратын Жанғазы Темірәлиев жеткізген еді. Ол домбыраны шебер тартумен қатар күйлердің шығу тарихын да қызық әңгімелейтін.

Орда түрмесінен қашқан Құрманғазы күн ұзаққа қурай ішінде тығылып жатып, «Кішкентай демалыс» атты күйін шығарады да, екіндіде ілгері қарай жүріп кетеді. Жаяулап, ауыл-ауылды бағдарлап аман-есен еліне келеді. Ата-анасын қуантып, жолдас-жораларының арасында күйлерін тартып біраз жүреді. Бірақ өнебойы былай қашып жүрген қапас өмірге күйші қанағаттанбайды.

Ол өзіне жазықсыз ұрынып, жала жауып, қудалап түрмеге отырғызған би-төрелердің қорлығына шыдамайды. Халықты жазықсыз жазғырып қанауда, сол өңірге аты шыққан Ақбай төренің ауылына келіп, бәйгеге жаратып қойған көк ала атын мініп, қашып кетеді.

Соңынан қуған шабармандар бабында тұрған көк ала аттың шаңын бір-ақ көреді. Қуғыншыға жеткізбей кеткен күйші астындағы көк ала аттың шабысына риза болып, «Көк ала ат» – деп күй тартыпты, – дейді.

#esenmediakz #esenmedia #есенмедиакз #есенмедиа #қазақстан #қазақ #қазақелі #ұлт #ұлттық #күйөрман #күйші #күшімізбірлікте #күй #домбыра #домбырадастан #домбыраарнасы #reels

Loading comments...