Premium Only Content
Кісен ашқан - Құрманғазы Сағырбайұлы
Кісен ашқан - Құрманғазы Сағырбайұлы
Перовскийдің бұйрығы әне-міне деп орындалмай, Құрманғазы түрмеде жата береді. Күндерден күн өткенде Құрманғазы амалдың жоқтығын біліп, қалайда қашуды ойлайды. Айсыз қараңғы бір түнде жұмыстан қайтып келе жатып, аяғы ауырып, тіпті жүргізбеген болып Құрманғазы тұтқындар тобынан кейін қала береді. Қапысын тауып, конвойдың біреуін қағып түсіріп, қаша жөнеледі. Қараңғыда күйшінің ізін жоғалтып алған конвойлар түрмеге қайтады. Оның алдында күндіз жұмыс үстінде Құрманғазы баяғы Лавочкиннің шешесі берген болат араны ұлтарағының астынан суырып, кісеннің бір жағын кесіп жай орнына байлап қойған болатын. Қашарда бір жағын қолына алып адымдай жөнеледі. Қаладан алысырақ бір сарайға барып, кісеннің екінші басын да кесіп, сол араға лақтырып тастайды. Біреулердің айтуынша Құрманғазы қашар тұста кісенді жұлып аламын дегенде өзінің майөкшесінің бірін жұлып алады да қаша береді. Ол күні қалың шөптің арасынан ешқайда шықпайды. Кісен қиған жерлерін көйлек-дамбалынан жыртып алып орайды. Кеш бата Құрманғазы Жайықтың бойын төмен қуа жүре береді. Таң ата бір ауыл шетіндегі малшының үйіне келіп, өзінің мән-жайын айтады. Ол үйдің иелері Құрманғазыны тамақтандырып, басқалардың көздерінен тасалап, тыным алдырады. Жарасына сормақта тартып, жақсылап байлап береді. Кішкене тыныққасын, Құрманғазы домбыра алдырып, бірнеше күй тартады. Ең соңғы күйінде қайғының үні шығады. Айналадағыларға Құрманғазы бұл күйдің атын «Кісен ашқан» екенін айтады.
Оқырманға түсінікті болуы үшін Лавочкиннің шешесі берген ара туралы айта кетелік. Ол туралы Ахмет Жұбановтың зерттеу еңбегі негізінде шыққан «Құрманғазы күйлері қалай шыққан?» (Алматы, «Өнер» баспасы, 1993 жыл) кітабындағы «Түрмеден қашқан» оқиғасында баяндалады.
«Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бір күні қысқы серуен кезінде Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға тіл тигізгені үшін» қамалған орыс жұмыскері болып шығады. Өзі қазақ арасында көп болып, қазақша судай білетін болады. Бірде, түрме қарақшыларының бірі Лавочкинге оның шешесі келгенін хабарлайды. Ол түрме бастықтары ұлықсат еткен бөлмеге барып, шешесімен көріседі. Шешесі пісіріп алып келген тамақтарын надзирательдің көзінше баласына береді. Бір нанның ішінде болат ара барын ыммен білдіреді. Шешесі қоштасып кеткесін, Лавочкин тамақтарды камераға алып келіп, болған жайды Құрманғазыға баяндайды. Екеуі қашу жоспарын жасап, ол ойларын өздеріне іштартып жүрген (Құрманғазыға домбыра әкеліп берген) надзирательге білдіреді. Ол бұларға жәрдемдесуге уәде береді», деп келеді оқиға баянында.
«Сайдың бойына келіп кісенімді алып отырғанымда, жараның аузы ашылып, түні бойы ауырып ұйқы бермеді. Жүруге де мүмкіншілік болмады. Сол бір сәтте осы күй басыма келіп еді», - дейді. «Кісен ашқан» күйі осылай шығады.
Айта кетелік, Құрманғазы Сағырбайұлы Лавочкиннің анасына арнап, «Лаушкен» күйін шығарған.
Құрманғазы Сағырбайұлы шығармалар тізімі: https://youtube.com/playlist?list=PLaSOcbsg81rYhrBM6zXzmC2G5yIi-petA&si=hWJUNf9r_0xRqB9y
#esenmediakz #esenmedia #есенмедиакз #есенмедиа #қазақстан #қазақ #қазақелі #ұлт #ұлттық #күйөрман #күйші #күшімізбірлікте #күй #домбыра #домбырадастан #домбыраарнасы #reels
-
16:38
SLS - Street League Skateboarding
14 days agoRayssa Leal's Most Clutch SLS Wins Ever! 🥶🏆
73.8K4 -
1:06:29
Russell Brand
4 hours agoGaza Takeover? Trump’s Bold Plan Sparks Global Outrage – SF532
113K235 -
1:57:32
The Charlie Kirk Show
3 hours agoGaza Thoughts + DOGE The Destroyer | Sen. Schmitt, Benz | 2.5.2025
124K25 -
1:21:08
Simply Bitcoin
4 hours ago $1.30 earnedNEW REPORT: Bitcoin ETF Insider Doubles Down on UNTHINKABLE 2030 prediction! | EP 1176
33.5K1 -
2:50:42
The Dana Show with Dana Loesch
3 hours agoTRUMP PLANS TO TAKE OVER GAZA | The Dana Show LIVE On Rumble!
33.2K6 -
59:36
The Dan Bongino Show
6 hours agoTrump Shocks The World With Major Announcement (Ep. 2416) - 02/05/2025
804K1.64K -
1:19:04
The Rubin Report
5 hours agoTrump & Netanyahu Shock with Truly Unexpected Plan for Gaza
94.9K118 -
1:59:23
Steven Crowder
7 hours ago🔴 Trump's Hitlist Grows: USAID, Dept. of Education, CIA, and... Gaza?
490K410 -
57:49
Grant Stinchfield
4 hours ago $5.50 earnedThe FBI Withholds 5000 Names of Agents & Employees Who Hunted Down J6'ers
25.2K16 -
2:02:40
LFA TV
19 hours agoMA-GAZA STRIP! | LIVE FROM AMERICA 2.5.25 11am
73.1K27