ӘЙЕЛДЕР-АЙ | МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

9 months ago
1

ӘЙЕЛДЕР-АЙ | МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

Әйелдер-ай!
Әйелдер!
Қандайсың?!
Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың.
Біреу жеріп тұрса-дағы қалмайсың,
Біреу сүйіп тұрса-дағы бармайсың.
Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қандайсың?!
Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қулар-ай,
Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай!
Біле тұра бүйректерің бүлк етіп,
Кетесіңдер тыңдай тұра, тыңдамай.
Әйелдер-ай!
Әйәйлар-ай, қулар-ай!
...Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай,
Ойбай!..
Бола берсін көп, мейлі!
Әйел деген әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді...

#esenmediakz #esenmedia #есенмедиакз #есенмедиа #қазақстан #қазақ #қазақелі #ұлағат #даналық #ұлт #ұлттық #ағайын #тумалас #бауырлар #reels #recommended #қарасөз #даналықсөздер #нақылсөздер

Loading comments...