ӘЙЕЛ ДОСТАР | ESEN MEDIA

10 months ago
1

ӘЙЕЛ ДОСТАР | ESEN MEDIA

Әйел достар,
Еркектерді жөндеп күтіп бағыңдар,
Оларға ылғи жағыныңдар, жағыңдар,
Толып жатыр өкініштің себебі,

Еркек деген өте нәзік келеді.
Сұлу көрсе, сұлу көрсе, тез босайды буыны,
Әсер еткіш оған күннің суығы,
Еркек деген о бастан-ақ шаршауық,

Қозғамаңдар жатса-дағы жау шауып.
Шеттерінен ұмытшақ та жаңғалақ,
Сүт орнына сыра әкелер арбалап,
Айта берсең еркектерге обал-ақ,

Сондықтан да күтіңдерші бағалап.
Ғалым бүгін бәрін іздеп тауыпты,
Еркектерге артық қимыл кауіпті.
Еркектерге шылым шегу зиянды,

Зиянды оған көп иіскеу де қиярды.
Зиянды оған көп қиялға бату да,
Зиянды оған жүру түгіл, жату да,
Жұмыс істеп, жалақы да алыңдар,

Бабын тауып баласын да табыңдар.
Аңда-санда дүкенге бір шыққанда,
Бірер жарты артық ала салыңдар.
Мұның бәрі еркектерге алымды,

Солар ішсін, солар кисін киімді.
О, әйелдер, еркектердің қадіріне жетіңдер,
Үлпілдетіп, әлпештеумен өтіңдер.

#esenmediakz #esenmedia #есенмедиакз #есенмедиа #қазақстан #қазақ #қазақелі #ұлағат #даналық #ұлт #ұлттық #ағайын #тумалас #бауырлар #reels #recommended #қарасөз #даналықсөздер #нақылсөздер #әйелдер

Loading comments...