Кедей зары - Құрманғазы Сағырбайұлы

10 months ago
1

Кедей зары - Құрманғазы Сағырбайұлы

Кедей зары күйінің шығу тарихы
1962 жылы Битенов Мұхит орындапп, оның шығу тарихын да әңгімелеп берген. Жем-Сағыз арқылы еліне қайтқан Құрманғазы жолшыбай бір ауылға соғады. Ауыл шетіндегі қараша үйдің жанына келіп, сырттан дыбыс береді, бірақ іштен ешқандай жауап болмайды. Қайта зарлап жылаған қайғылы үн естіледі. Бұл не жағдай екенін білмекші болған Құрмағазы үйге кірсе, егіліп жылап отырған кемпірді көреді...
Құрманғазы әлгі кемпірмен амандасып, хал жағдайын сұрайды. Сонда кемпір: "Жалғыз балам бар еді. Оған биіміз атымды ұрладың деп жала жауып, шабармандарына дүре соқтырып, сойылған жықты. Сол балам ақыры қамшының зардабынан қаза тапты. Енді осы үйде жалғыз қалып, зарлап отырған қу басым, шырағым", - дейді. Ананың қайғысына ортақтасып:
- Жыламаңыз шеше, жылағанмен кеткен адам қайта келмейді. Ел, жұрт, ағайын аман тұрса, сіз де қиыншылық көрмессіз, - деп Құрманғазы оны жұбатады.
Қарт ананы өз көзімен көрген күйші:
- Сорлы болған кедей, бәрінің де күні осы ғой, - деп, "Кедей зары" атты күйін толғана тартыпты.

#esenmediakz #esenmedia #есенмедиакз #есенмедиа #қазақстан #қазақ #қазақелі #ұлт #ұлттық #күйөрман #күйші #күшімізбірлікте #күй #домбыра #домбырадастан #домбыраарнасы #reels

ESEN MEDIA

Loading comments...