UZATU 3 | ESEN MEDIA

1 year ago
1

Ұзатылар қызға тілек - 3 нұсқа | ESEN MEDIA

Қарағым!
Мен бүгін үйлену тойыңа барамын.
Мен бүгін өзіңнен адасып қаламын.

Қарағым!
Шараптың уы ұрып қаныма,
Отырам бейтаныс біреудің жанына.
Көкешім, налыма, мен сені ұзатам бағыңа.

Тұман боп жанары,
Әкең де, шешең де қалады.
Достарың күңіреніп, еңліктің әніне салады,
Әкең де қалады, шешең де қалады,
Баласын, баласы әкетіп барады.

Көкешім!
Мұңайып не етесің?!
Сен бүгін ұшасың,кетесің,
Көкешім!
Әкеңнен әкеңе жетесің,
Мұңайма, Көкешім!

#esenmediakz #esenmedia #есенмедиакз #есенмедиа

Loading comments...