Premium Only Content

ABAI - WORDS OF EDIFICATION №1
ABAI - WORDS OF EDIFICATION №1
Абай Құнанбаевтың бірінші қара сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ , баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алммеғай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, егер кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
-
1:07:03
Sean Unpaved
3 hours agoNIL Controversy In Tennessee, Second Round of Masters Tee-Off, Flacco's Return To Cleveland!
32K3 -
16:09
Clownfish TV
4 hours agoSnow White Can't Even Break $100 Million?!
15.5K6 -
13:23
T-SPLY
3 hours agoStephen Miller BLOWS UP On CNN For Questioning Deportations
8.22K18 -
UPCOMING
Revenge of the Cis
1 hour agoEpisode 1473: Cyber Tuck
207 -
UPCOMING
Jeff Ahern
52 minutes agoFriday Freak out with Jeff Ahern! (1pm Pacific)
12 -
Talk Nerdy Sports - The Ultimate Sports Betting Podcast
23 minutes ago4/11/25 - Payday Parlays & Bookie Beatdowns: The AI Wants Blood
-
LIVE
Crypto Power Hour
8 hours ago $0.72 earnedFrom Tariffs to WFH Multinationals, Catalysts Starting a Tokenization Tsunami
4,795 watching -
LIVE
Rethinking the Dollar
31 minutes agoFed Official Warns: They're Ready to Step In— If It Gets Worse | RTD News Update
139 watching -
LIVE
Major League Fishing
1 day agoLIVE MLF College Fishing Championship!
205 watching -
LIVE
Twins Pod
13 hours ago"President Trump" Is Out For REVENGE! 😂 | Twins Pod - Episode 60 - Jason Scoop
961 watching