Premium Only Content
ABAI - WORDS OF EDIFICATION №23
ABAI - WORDS OF EDIFICATION №23
Абай Құнанбаевтың жиырма үшінші қара сөзі
Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар. Оның қуанышы - елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін бе? - деп. Оған құдай тағала айтып па, пәленшеден тәуір болсаң болады деп? Я білгендер айтып па, әйтеуір өзіңнен наданшылығы асқан, я жаманшылығы артылған кісі табылса, сен жаманға қосылмайсың деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болады дағы. Жүз ат бәйгеге қосылса, мен бәйге алдым деген сөз болса, алдыңда неше ат бар деп сұрар, артыңда неше ат бар еді деп сұрағанның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?
Енді жұбанышы - жалғыз біз бе, елдің бәрі де сүйтіп-ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ болады да деген сөзді жұбаныш қылады. Оған құдай тағала айтып па, көптен қалмасаң болады деп. Көпке қаһарым жүрмейді деп. Көпке тұзағым жетпейді деп пе? Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Көпке қорлық жүрмей ме? Бір үйдің іші түгел ауырса, жеңіл тие ме? Жер білмеген көп адам адасып жүрсе, бір жер білетұғын кісінің керегі жоқ па екен? Көп кісі жолаушының бәрінің аты арығаны жақсы ма? Жоқ, жармысы арыса, жармысының күйлісі жақсы ма? Жұт келсе, елдің бәрінің түгел жұтағаны жақсы ма? Жарым-жартысы аман қалғаны жақсы ма? Осы көп ақымақтың бір ақымаққа несі жұбаныш? Тұқымымызбен аузымыз сасық болушы еді деген жаман күйеу қалыңдығын жеңіп пе? Көңілін сол сөзі разы қылуға жетіп пе? Ендеше, көбіңнен қалма, сен де аузыңды сасыта бер деп пе?!
-
LIVE
Dr Disrespect
3 hours ago🔴LIVE - DR DISRESPECT - WARZONE - NEW SEASON 2 UPDATE
4,347 watching -
1:05
tether
9 hours agoHadron by Tether - tokenize anything, anywhere
562 -
34:32
Standpoint with Gabe Groisman
18 hours agoGovt. Workers AREN’T Working Says DOGE Chair Sen. Joni Ernst
313 -
LIVE
Savanah Hernandez
2 hours agoMASS DEPORTATIONS ARE HERE AND THEY ARE GLORIOUS
1,125 watching -
21:12
Clownfish TV
14 hours agoThe Video Game Industry LITERALLY Wants You Dead?!
7144 -
1:35:44
Right Side Broadcasting Network
4 hours agoLIVE REPLAY: First Press Briefing by White House Press Secretary Karoline Leavitt - 1/28/25
79.9K67 -
DVR
vivafrei
6 hours agoJan. 6 Injustices! Jeremy Brown STILL IN JAIL! Untold Story of Ashli Babbitt Killer Michael Byrd!
43K12 -
3:09:52
Benny Johnson
4 hours ago🚨 First Trump White House Press Briefing LIVE Right Now! New Press Secretary With the FLAMETHROWER
121K158 -
44:12
Ben Shapiro
3 hours agoEp. 2126 - Did China Just DRINK OUR MILKSHAKE?!
40.1K21 -
1:11:08
Russell Brand
3 hours agoTrump’s Deportation Wave Begins – SF527
66.2K129